«Өнеркәсіптік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 98 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Өнеркәсіптік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 98 бұйрығы

 

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2026 жылғы 29 қаңтардағы

№ 98 бұйрықпен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының

 тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.